25.06.2018, 22:25 4567

Қазақстан БҰҰ миссияларына қатысатын әскери бақылаушылар мен штабтық офицерлердіӊ санын 40 адамға дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылдады

Одан басқа, бітімгершілік ротаныӊ үнді контингенті құрамында "Ливандағы БҰҰ-ныӊ уақытша күштері" (120 адам) миссиясына жолдау жөнінде шешім қабылданды.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Қорғаныс министрлігі мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Қазақстанныӊ Таяу Шығыстағы, Кипрдегі, Үндістандағы, Пәкістандағы, Ливандағы және Батыс Сахарадағы БҰҰ миссияларына қатысатын әскери бақылаушылар мен штабтық офицерлердіӊ санын 40 адамға дейін ұлғайту жөнінде шешім қабылдады.

Одан басқа, бітімгершілік ротаныӊ үнді контингенті құрамында "Ливандағы БҰҰ-ныӊ уақытша күштері" (120 адам) миссиясына жолдау жөнінде шешім қабылданды.

Ливандағы БҰҰ-ныӊ уақытша күштері (UNIFIL - ЮНИФИЛ) 1978 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесініӊ бұрыштамаларымен бекітілгенін және БҰҰ-ныӊ анағұрлым ұзақ бітімгершілік операцияларыныӊ бірі болып табылатынын естеріӊізге сала кетейік.

Ливан - Таяу Шығыстағы Жерорта теӊізініӊ шығыс жағалауындағы таулы аймақта орналасқан мемлекет. Шығысында және солтүстігінде - Сириямен, оӊтүстігінде - Израилмен шектесіп жатқанын айта кеткен жөн.

Миссияны құру мақсаты Ливанныӊ оӊтүстігінен Израиль мемлекетініӊ әскерлерін шығаруды растау, еліміздіӊ барлық оӊтүстік аудандарында өрістетуде Ливан үкіметіне көмек көрсету, сондай-ақ азаматтық халыққа ізгілік қолжетімділікті және алмастырылған адамдардыӊ қауіпсіз оралуын қамтамасыз ету болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны