20.12.2012, 11:10 3160

Қазақстан ЭЫДҰ Орталықазиялық бастамашылығының тең төрағасы өкілеттігін қабылдады

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Орталықазиялық бастамашылығының тең төрағасы өкілеттігін қабылдап алды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың атына жолдаған ресми құжатта Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Ричард Баучер хабарлады.

Астана. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан ЭЫДҰ Орталықазиялық бастамашылығының тең төрағасы өкілеттігін қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Орталықазиялық бастамашылығының тең төрағасы өкілеттігін қабылдап алды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың атына жолдаған ресми құжатта Ұйымның Бас хатшысының орынбасары Ричард Баучер хабарлады.

Баучер мырза өз хатында, Қазақстанның өңірдегі роліне, Бастамашылыққа белсенді атсалысу қызметіне жоғары баға берді және ЭЫДҰ іске асырып отырған жобаларға көрсетіп отырған қолдауы үшін ел басшылығына алғыс білдірді.

2008 жылы қолға алынған Орталықазиялық бастамашылық ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының бөлшегі болып табылады және ол өңірдегі инвестициялық ахуалды жақсартуға, өнімділікті арттыруға, жекеменшік секторды дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

Қазіргі таңда Қазақстанда Бастамашылық аясында "Өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру", "Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін реттеу жүйесін оңтайландыру", "Салалық бәсекеге қабілеттілікті арттыру стратегиясы" сияқты жобалар іске асырылуда.

Бастамаға Қазақстаннан басқа, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжәкстан, Моңғолия, Түркіменстан және Өзбекстан елдері қатысады. Өңір елдерінің ішінен бірінші болып Бастамашылықтың басқарма құрамына кіріп отырған Қазақстан тең төраға қызметін үш жыл атқарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны