16.11.2011, 13:42 3831

Қазақстан ғалымдары әлемнің жетекші компанияларының ақпараттық ресурстарына қол жеткізе алады

Астанада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы алдыңғы қатарлы ThomsonReuters (АҚШ) және Springer (Германия) компанияларымен Ұлттық Лицензияға қол қою салтанаты ресми түрде өтті.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан ғалымдары әлемнің жетекші компанияларының ақпараттық ресурстарына қол жеткізе алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Астанада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы алдыңғы қатарлы ThomsonReuters (АҚШ) және Springer (Германия) компанияларымен Ұлттық Лицензияға қол қою салтанаты ресми түрде өтті. Қазақстан алдыңғы қатарлы әлемдік ақпарат ресурстарына кепілдендірілген қолжетімділікті қамтамасыз ететін лицензиялық келісімге ТМД елдерінде алғашқы болып қол қойды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Елбасы Н.И. Назарбаевтың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасымен ҚР Білім және ғылым министрлігі ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы ғылым ұйымдарының әлемдік ақпарат ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз еткен болатын. Ұлттық Лицензияға қол қою - әлемдегі рейтингісі жоғары ақпаратты іздеу және бағалау құралы болып табылатын ThomsonReuters (АҚШ) және Springer (Германия) компаниялармен үздіксіз ынтымақтастыққа дәлел.

Аталмыш шара тәуелсіз еліміздің басты жетістіктерінің бірі болып есептеледі.

Қазақстан ғылымы ғылыми-зерттеу қызметінің жаңа сатысына көшіп, әлемдік ғылыми кеңістікке өз жаңалықтарымен енуге әзір. Ғылыми-техникалық ақпарат саласындағы алдыңғы қатарлы компаниялармен бірлесе қызмет ету қазақстандық ғылымның халықаралық аренадағы мәртебесін көтерумен қатар, бәсекеге қабілеттілігін арттырмақ.

Қол қою салтанаты рәсімінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі академик Б.Т. Жұмагұлов, Thomson Reuters компаниясының вице-президенті Эрик Ян Ван Клиф, Springer компаниясының президенті Питер Гоеберг алғысөз айтып, жиынды ашты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны