18.02.2014, 19:03 3434

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысында қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қатысты

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал автокөлік жолында қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қатысты.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Алматы облысындағы Сарыөзек-Көктал автокөлік жолында қар құрсауында қалған адамдарды құтқаруға қатысты.

Жолдың қар басып қалған учаскесінен көліктер мен жүргіншілерді эвакуациялау жөніндегі жұмыс түн ортасынан таңғы сағат 6-ға дейін жалғасты.

Техника мен жеке құрам бөлу туралы сұрау ҚР Қорғаныс министрлігіне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық дағдарыстық орталығынан 17 ақпан күні кешкі сағат 19.00-де келіп түсті. ҚР ҚК Құрлық әскерлеріне қарасты 12740 әскери бөлімінен МТЛБУ сүйреткіш машинасы мен КАМАЗ-43114 автокөлігі, сондай-ақ 5 адамнан құралған жеке құрам бөлінді.

ҚР ҚК әскери қызметшілері 15 бірлік автомобиль техникасы мен 27 адамды эвакуациялап, оларды жылынатын жерге жеткізді. Зардап шеккендер жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны