22.06.2010, 12:42 2687

Қазақстан Қырғызстанның экономикалық өрлеу бағдарламасына көмек көрсетуге әзір

"Қырғызстан - кедей ел, ойдағыдай мемлекет бола алмайды дейтін пікір бар. Мен олай деп санамаймын. Қырғызстанның жер қойнауы алтынға, темірге, күміске, мысқа және басқа ресурстарға бай. Тау өзендерінің әлеуеті зор. Туризм саласының мүмкіндіктері орасан. Мұның бәрін көтеру керек. Басқа мемлекеттердің бірде-бір гуманитарлық көмегі ешқашан елді көтерген емес. Бірінші мәселе, мемлекет экономикасын көтеріп, адамдарға жұмыс беріп, өз халқын тойындыра ала ма. Міне, сонда ғана ол тұрақты болады. Сондықтан да Қырғызстанның экономикалық өрлеу бағдарламасын жасау қажет және Қазақстан оны жасауға көмек көрсетуге әзір",- деп атап өтті Н. Назарбаев.

Алматы. 22-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан Қырғызстанның экономикалық өрлеу бағдарламасына көмек көрсетуге әзір. Бұл туралы кеше ҚР президенті "Хабар" агенттігінің журналистеріне берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Қырғызстан - кедей ел, ойдағыдай мемлекет бола алмайды дейтін пікір бар. Мен олай деп санамаймын. Қырғызстанның жер қойнауы алтынға, темірге, күміске, мысқа және басқа ресурстарға бай. Тау өзендерінің әлеуеті зор. Туризм саласының мүмкіндіктері орасан. Мұның бәрін көтеру керек. Басқа мемлекеттердің бірде-бір гуманитарлық көмегі ешқашан елді көтерген емес. Бірінші мәселе, мемлекет экономикасын көтеріп, адамдарға жұмыс беріп, өз халқын тойындыра ала ма. Міне, сонда ғана ол тұрақты болады. Сондықтан да Қырғызстанның экономикалық өрлеу бағдарламасын жасау қажет және Қазақстан оны жасауға көмек көрсетуге әзір",- деп атап өтті Н. Назарбаев.

"Қазақстан - Қырғызстанға тұрақтылық тілейтін мемлекет. Мен ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуші мемлекеттің басшысы ретінде гуманитарлық және басқа көмек көрсетуді топтастыру үшін бәрін де істеудемін. Қырғызстанға ҰҚШҰ арнасы бойынша қазірдің өзінде Ресей, Қазақстан және Өзбекстан көмек көрсетуде",- деді Н. Назарбаев.

Ол сондай-ақ, "мен Өзбекстанға да қазір бұдан да кем емес қиындықтар түсіп отыр деп санаймын. Сондықтан да біз өз мойнына ең ауыр салмақты артқан Президент Ислам Каримовке де, Өзбекстанға да ризашылық білдіруге тиіспіз. Бір күннің ішінде 100 мың дерлік адам келген, ал олардың бәрін орналастыру, тойындыру, шөлдерін басу және қажетті ем-доммен қамтамасыз ету қажет. Бұл Өзбекстан үшін қандайлық қиын екенін, оған қандай проблемаларды шешуге тура келгенін көз алдыма келтіре аламын", деп атап өтті.

"Біз көршілес мемлекеттер - Қазақстан, Ресей және Өзбекстан бірлесіп көмектесіп, қажетті мәселелерді шешудеміз",- деді елбасы. Бірақ та мен басқа мәселе туралы айтқым келеді. Мен Қырғызстанда экономиканы өрлету және көтерудің стратегиялық саясаты болғанын өте тілеймін",- деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны