01.11.2016, 14:48 3386

Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасынан компьютерлік техникаларда қолданылатын заттарды заӊсыз алып өтуге тырысқан азамат ұсталды

Өткен тәулік ішінде Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасыныӊ бойында байланыс саласында және компьютерлік техникаларда қолданылатын қомақты көлемдегі заттарды заӊсыз түрде әкетуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде Қазақстан - Қытай мемлекеттік шекарасыныӊ бойында байланыс саласында және компьютерлік техникаларда қолданылатын қомақты көлемдегі заттарды заӊсыз түрде әкетуге тырысқан азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

"Нақтырақ айтқанда, "Қорғас" бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылар жасағы "Шайман" деп аталатын арнайы көлікті мініп, Қытайдан Қазақстанға қарай келе жатқан 35 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Шекаралық бақылау өткізу кезінде одан заӊсыз жүктер табылды, атап айтсақ, модемдер (100 дана), зарядтық құрылғылар (33 дана), бекіткіштер (19 дана), лазерлер (16 дана) және 1 қатты диск".

Аталған дерек бойынша өзара әрекеттес органдар хабарландырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны