19.06.2007, 16:26 3919

Қазақстан құрылыс саласындағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы туралы конвенцияны бекітті

АСТАНА. 19-маусым. Kazakhstan Today. Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Құрылыс саласындағы қауіпсіздік және еңбек гигиенасы туралы" заңға қол қойды, деп хабарладйы Kazakhstan Today тілшісі.

Конвенцияны бекіту арқылы Қазақстан "қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын жақсарту мен халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын растай отырып, осы саладағы халықаралық нормаларды сақтау мен орындауды қолдайтындығын паш етеді",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Бұл конвенцияны бекіткен әрбір ел қауіпсіздік пен еңбек гигиенасы саласында болуы мүмкін тәуекелдерді бағалау негізінде конвенция ережелерін қолдануды қамтамасыз ететін заңнама мен тәртіптерді қабылдап, сақтайды",- делінген қорытындыда.

Конвенция Женевада 1988-жылдың 20-маусымында қабылданған. Қазіргі жағдаймен оны Халықаралық еңбек ұйымына мүше 18 мемлекет бекітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны