26.06.2014, 19:35 2993

Қазақстан мен Албания қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Кездесу барысында тараптар табиғат қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және Албанияның "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қатысу мәселелерін талқылады.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров Албанияның қоршаған ортаны қорғау министрі Лефтер Кокамен кездесті. Кездесу барысында тараптар табиғат қорғау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары және Албанияның "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесіне қатысу мәселелерін талқылады.

Кездесу нәтижесінде албандық тарап Қазақстан Президентінің бастамасын қолдап, Лефтер Кока "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасының Хартиясына қол қойды, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны