27.09.2012, 11:52 3128

Қазақстан мен Австрия арасындағы инвестицияларды көтермелеу туралы заң қабылданды

Аталған келісімге 2010 жылдың 12 қаңтарында Венада қол қойылған.

Астана. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Австрия Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған келісімге 2010 жылдың 12 қаңтарында Венада қол қойылған.

Келісімнің мақсаты инвестициялар бөлігінде екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу. Өзара инвестицияларды ынталандыру үшін үлкен мүмкіндіктерді де тудырады.

Келісімге сәйкес, әрбір тарап екінші тараптың инвесторларына және олардың инвестицияларына немесе кірістеріне қатысты дауды реттеу сияқты басқаруға, қолдануға, қызмет көрсетуге, пайдалануға, сатуға және жоюға қатысты инвестор үшін неғұрлым қолайлы режімді ұсынады.

"Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына қарағанда, Австрия тарапы осы келісімнің күшіне енуі үшін ішкі мемлекеттік үдерістерді былтырғы жылдың желтоқсанында аяқтаған",- дейді заң жобасы бойынша баяндаған Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рау.

Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны