11.12.2017, 19:46 3997

Қазақстан мен Изербайжан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеӊейту бойынша "Жол картасы" қабылданды

Бакуде Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясыныӊ кезекті 14-отырысы өтті.

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -Бакуде Қазақстан Республикасы мен Изербайжан Республикасы арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясыныӊ кезекті 14-отырысы өтті.

Отырысқа Комиссияныӊ теӊ төрағалары - Қазақстанныӊ Энергетика министрі Қанат Бозымбаев және Изербайжанныӊ Энергетика министрі Пярвиз Шахбазов, Комиссия мүшелері, сондай-ақ екі елдіӊ сарапшылары қатысты.

Іс-шара шеӊберінде тараптар Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясыныӊ 13-отырысында қабылданған шешімдердіӊ жүзеге асу барысын қарастырып, екіжақты ынтымақтастықтыӊ сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, ауыл шаруашылық, транзиттік- көліктік, мәдени-гуманитарлық және тағы басқа салаларындағы мәселелерін талқылады.

П.Шахбазов отырысты ашу кезінде өткен жылдан бастап екі елдіӊ сауда-экономикалық ынтымақтастығы оӊ серпін көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ ағымдағы жылғы сәуір айында Бакуға жасаған сапары аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мен оны әрі қарай ілгерілету бойынша тиісті "жол картасын" әзірлеу туралы тапсырма бергенін атап өтті.

Өз кезегінде Қ.Бозымбаев Қазақстан мен Изербайжанныӊ сауда-экономикалық байланыстары екі ел қарым-қатынастарыныӊ негізін қалайтынын және осы қатынастарды одан әрі ұлғайту үшін транзит, көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, темір жол көлік жасау, туризм және спорт салаларында үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті. Сонымен бірге, Қазақстан делегациясыныӊ басшысы ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы әріптестік те жақсы деӊгейге жеткеніне ерекше көӊіл аударды.

Бұған қоса, 2017 жылдыӊ сәуір айында ҚР Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ Изербайжанға жасаған ресми сапарыныӊ қорытындысы бойынша екі елдіӊ мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында тараптар 2020 жылға дейін өзара сауда айналымын екі есеге көтеру мәселесін, соныӊ ішінде екіжақты нарыққа экспортталатын тауарлар номенклатурасын ұлғайту үшін қажетті шараларды атап өтті.

Іс-шараныӊ нәтижесінде Отырыстыӊ қорытынды хаттамасына қол қойылды және екі ел арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеӊейту бойынша "Жол картасы" әзірленіп, қабылданды. Сонымен қатар, тараптар Үкіметаралық комиссиясыныӊ кезекті 15-отырысын 2018 жылы Астана қаласында өткізуге келісті.

Сонымен қатар, 8 желтоқсанда Бакуде Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрі Қ.Бозымбаев Изербайжан Республикасыныӊ Экономика министрі Шахин Мустафаевпен кездесті.

Оныӊ барысында тараптар экспорттық-импорттық қимадағы екіжақты сауда-экономикалық мәселелерді, транзиттік-көліктік ынтымақтастығы жайлы пікір алмасып, Қазақстан мен Изербайжан арасындағы Экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссиясыныӊ өткен 14-отырысыныӊ қорытындыларын талқылады.

Бұдан басқа, Изербайжан Министрі "Ақтау теӊіз порты" еркін экономикалық аймағындағы Ауыл шаруашылық өнімдерді қабылдау, сақтау және қайта өндеу бойынша логистикалық орталығын бірлесе басқару мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, тараптар мұнай көлік жасау саласындағы өзара мүмкіндіктерді қарастыруды уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны