07.09.2018, 22:56 4558

Қазақстан мен Изірбайжан Еӊбек министрлері әлеуметтік-еӊбек саласында өзара екі жақты ынтымақтастық туралы келісім жасады

Кездесу соӊында Изірбайжан Республикасыныӊ еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі екі жақты Меморандум жасау мақсатында қазақстандық әріптестерініӊ өздерініӊ елдеріне белгіленген мерзімнен бұрын келетініне үміт білдірді.

Астана. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ауғанстан әйелдер мәселесіне арналған аймақтық конференция шеӊберінде Қазақстан Республикасы және Изірбайжан Республикасыныӊ Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері Мәдина Ибілқасымовамен Сахил Бабаевтыӊ екі жақты кездесуі өтті.

Кездесу барысында министрлер жұмысқа орналасу, әлеуметтік қамсыздандыру, мүгедектерді оӊалту және басқа да мәселелер бойынша өзара әрекеттесудіӊ өзекті мәселелерін талқылады.

Мәдина Ибілқасымова атап өткендей бүгінгі күні цифрландырудыӊ жаһандық үдерістерін ескере отырып, әлеуметтік саладағы ынтымақтастықтыӊ келешектегі бағыттары электрондық еӊбек биржасын құру және еӊбек келісімшарттарын есепке алуды автоматтандыру болып табылады.

"Бүгінгі таӊда Қазақстан халықтыӊ санаттарын қорғауды қамтамасыз ету үшін зейнетақы және әлеуметтік қорғау жүйелерін жаӊғыртуды жалғастыруда. Еӊбек нарығында болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, жұмыспен қамтудыӊ жаӊа форматтарын енгізу қажет, тиісінше, бұл адамдарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне тарту үшін жаӊа, неғұрлым қолайлы форматтарды әзірлеу қажет. Осыған байланысты өзара екі ел арасындағы тәжірибе алмасу аталған реформаларды жасауда пайдалы және маӊызды қадам болады" - деді министр.

Өз кезегінде министр Сахил Бабаев еӊбек және әлеуметтік қатынастар саласындағы ынтымақтастықтыӊ негізгі бағыттары анықталып, өзара бірлескен меморандум жасаудыӊ маӊыздылығын атап өтті.

"Бұл салада қос елдіӊ бір-бірінен үйренері көп. Сонымен қатар қазіргі заман талабына сай әлемдегі барлық әлеуметтік қызметтер автоматтандырылуы керек. Бұл адами фактордыӊ осы қызметтерді көрсетуге әсерін азайтады және, тиісінше, оларды қамтамасыз ету процесін ашық әрі, тиімді етеді" - деп атап өтті шетел ведомствасыныӊ басшысы.

Бұдан басқа, Изірбайжанныӊ Еӊбек министрі жұмыспен қамту саласындағы қазақстандық тәжірибеге қызығушылық білдірді. Бүгінгі таӊда Изірбайжанда еӊбекпен қамту порталында бірқатар жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты, Сахил Бабаев атап өткендей, қазақстандық тараппен тәжірибе алмасу жүзеге асырылып жатқан жұмыстардыӊ тиімділігіне мүмкіндіктер береді.

Кездесу соӊында Изірбайжан Республикасыныӊ еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі екі жақты Меморандум жасау мақсатында қазақстандық әріптестерініӊ өздерініӊ елдеріне белгіленген мерзімнен бұрын келетініне үміт білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны