12.09.2007, 17:07 2898

Қазақстан мен Беларусьтің қорғаныс министрлері қорғаныс-өнеркәсіптік кешен аясында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылады

Қазақстан мен Беларусьтің қорғаныс министрлері қорғаныс-өнеркәсіптік кешен аясында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанның қорғаныс министрі Даниал Ахметов бүгін Беларусь қорғаныс министрі Леонид Мальцевпен қорғаныс-өнеркісіптік кешен аясында бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін талқылады. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қазақстанның жаңа әскери доктринасы қару-жарақ пен әскери техниканы модернизациялауды талап етеді. Осыған байланысты біз отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің дамуынан мүдделіміз",- деп түсіндірді Д. Ахметов өзінің әріптесіне.

"Бұл қазақстандық кәсіпорындардың базасында қару-жарақ және әскери техникаларды шығару және жетілдіру жөніндегі біріккен өндірістер құру мүмкіндігі",- деп атап көрсетті министр. Ол, мұның "Шығыс" радиолокациялық станция шығару жөніндегі біріккен кәсіпорын мен Семейдегі Т-72-ден Т-90-ға дейінгі танктерді модернизациялау жөніндегі зауыттың базасында" құрылуы мүмкін екендігін түсіндіріп өтті.

Екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі келісімнің мәтінінде, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, МиГ, Л-39, СУ-27 сериялы ұшақтарды модернизациялау мәселесі де, барлық тренажерлер түрлерін, соның ішінде "Игла" көшпелі зенитті-зымыранды кешенін алу мәселесі де қарастырылған.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша, Қазақстан мен Беларусь мемлекетінің қорғаныс мекемелерінің арасында екі келісім шартқа қол қойылған: СУ-27 ұшағын жөндеу туралы және Беларусь Республикасының әскери оқу орындарында Қазақстан Республикасының әскерилерін оқытуға қабылдау туралы.

Сондай-қ, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен атап өткендей, "келесі мамандықтар бойынша 2007 жылдың 1-қарашасынан әскери қызметкерлерді дайындау туралы қосымша келісімге қол қойылған: радиотехникалық жүйелерді пайдалану, пилотты ұшу аппараттары мен олардың күш қондырғыларын техникалық тұрғыда пайдалану және телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану мамандықтары".

Қазақстан жағы Қазақстан Республикасының Искери құрылымдарының 50 әскери қызметкерін Беларусь Республикасының Қорғаныс министрлігінің жоғарғы оқу орындарына автоматтандырылған басқару жүйесі мен С-300 зениттік-зымырандық кешенін пайдалану мамандықтары бойынша оқуға жібермек ниетте, деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны