31.03.2014, 19:24 6365

Қазақстан мен Францияның Қарулы күштері кадр саясаты мәселелері бойынша тәжірибе алмасты

Кездесу барысында екі тарап әскери қызметшілердің қызметтік өсулері, азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге насихаттау және қабылдау, әскери атақтар жүйесі, адам ресурстарын басқару, әскери қызметшілерді оқыту, сондай-ақ зейнеткерлікке шығару және армияны кәсібилендіру сынды бірқатар мәселелерді талқылады.

Алматы. 31 наурыз. Kazakhstan today. Қорғаныс министрлігінде Кадрлар, Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті және Қарулы Күштердің Сержанттар құрамымен жұмыс жөніндегі басқармасының және Франция тарапы өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесу барысында екі тарап әскери қызметшілердің қызметтік өсулері, азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеруге насихаттау және қабылдау, әскери атақтар жүйесі, адам ресурстарын басқару, әскери қызметшілерді оқыту, сондай-ақ зейнеткерлікке шығару және армияны кәсібилендіру сынды бірқатар мәселелерді талқылады.

Францияның Қарулы Күштері мерзімді әскери қызметке шақырылмайтын кәсіби армияның 20 жылдық тәжірибесіне ие және рекрутинг, тарту пункт желілері мен жасақтауды ұйымдастыруда, қызметтік өсуді құру және қызметі бойынша өсуде тәжірибесі мол. Сондай-ақ жеке құрамды бағалау мен аттестаттауда және Қарулы Күштерге реформа жүргізуде өзіндік ерекшелігі бар.

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қарқынды және мақсатты түрде дамып келеді және жоғары кәсіби армияның заманауи қару-жарақ пен техникаға ие болуы - ұлттық мүдденің қорғалуының басты талабы болып табылады", - ҚР Қорғаныс министрлігі Кадрлар департаментінің бастығы генерал-майор Талғат Мұхтаров атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны