22.01.2015, 19:01 3818

Қазақстан мен Италия арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек жөніндегі шарттарға қол қою туралы

Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев пен Италия Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Стефано Раваньян Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыскерлерді ұстап беру туралы және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі

А. Дауылбаев осы маӊызды оқиғаныӊ Еуропалық қауымдастықпен құқықтық қатынастыӊ үдемелі дамуыныӊ және Қазақстанныӊ құқықтық жүйесіне сенімніӊ көрінісі екенін айтып өтті. Италия қылмыстық-құқықтық саладағы мемлекетаралық шарттардыӊ толық жинағын жасасқан алғашқы еуропалық елдердіӊ бірі болып табылады. 2013 жылдыӊ қарашасында екі ел арасында сотталған адамдарды тапсыру туралы келісімге қол қойылды және Қазақстан оны өткен жылдыӊ күзінде ратификациялады.

Шарттар күшіне енген соӊ екі елде де өзара құқықтық көмек көрсету, азаматтардыӊ заӊды құқықтары мен мүдделерін қорғауға құқықтық негіздер пайда болады.

Тараптар атап өткендей, шарттарға қол қою қылмысқа қарсы күрес саласындағы әріптестікті нығайту, аталған бағыттағы қадағалау және құқық қорғау органдары жұмыстарыныӊ тиімділігін арттыру жолындағы маӊызды қадамдардыӊ бірі болды.

Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны