12.10.2016, 11:46 4524

Қазақстан мен ЮНИСЕФ 2016-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) 2016-2020 жылдарға арналған негізгі ынтымақтастық жоспарына қол қою рәсімі өтті.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Үкіметі мен БҰҰ Балалар қоры 2016-2020 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды, деп хабарлайды ҚР СІМ.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорыныӊ (ЮНИСЕФ) 2016-2020 жылдарға арналған негізгі ынтымақтастық жоспарына қол қою рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Қазақстанныӊ сыртқы істер министрініӊ орынбасары Ержан Ашықбаев Қазақстан БҰҰ Балалар қорымен одан әрі ынтымақтастыққа маӊызды көӊіл бөлетінін атап өтті. Ол алдағы бес жылдық кезеӊге арналған Негізгі операциялар жоспарын іске асыру ұлттық деӊгейде балалардыӊ құқықтарын тиімді және жан-жақты ілгері жылжыту мен мүдделерін қорғау бойынша тағы бір қадам болатынына сенім білдірді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Өкілдігініӊ басшысы Юрий Оксамитный өз баяндамасында БҰҰ Балалар қорыныӊ ҚР Үкіметімен өзара іс-қимылыныӊ тиімділігін және Қордыӊ Қазақстанмен ынтымақтастық жасау тәжірибесі Орталық Азияныӊ барлық өӊірі үшін үлгі аларлық болып табылатынын атап өтті.

БҰҰ Балалар қорыныӊ қызметі Қазақстандағы балалардыӊ жағдайын жақсартумен байланысты нақты жобаларды іске асыруға, соныӊ ішінде бала және ана өлімін төмендетуге, балалар үшін достық әлеуметтік орта құруға, инклюзивті қоғамды дамытуға, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтерді азайтуға, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтыӊ алдын алуға және оған жол бермеуге, ювеналды әділетті дамытуға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны