26.04.2007, 14:24 3208

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды


АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Бүгін Бішкекте Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев тар және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, екі елдің басшылары "сындарлы, сенім және өзара түсіністікпен өткен" келіссөздер қорытындысына ризашылықтарын білдірген біріккен мәлімдемені қабылдады. Құжатта "Бішкекте жоғарғы деңгейде өткен кездесу Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы игікөршілік қатынасын одан әрі дамытуға үлкен үлесін қосты", деп көрсетілген.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің екі елдің Жоғарғы мемлекетаралық кеңесі туралы ереже мен Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрлерінің кеңесі туралы ережені бекіту туралы шешімі қабылданды.

Сондай-ақ, екі елдің үкіметі арасындағы "Аухатты - Кен-Булун" және "Айша-бибі - Чон-Капка" шекаралық ынтымақтастығының халықаралық орталығын құру туралы келісімге, екі елдің үшінші мемлекеттердің азаматтарына берілетін туристік визаларын шекаралық аумақтарда өзара тану туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қырғызстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің арасында мәдениет саласында ынтымақтастық орнату туралы келісім жасалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны