12.03.2007, 13:37 3012

Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары 2008-жылға арналған ынтымақтастық жоспарын бекітті

БІШКЕК. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарашылары 2008-жылға арналған ынтымақтастық және ықпалдастық жөніндегі біріккен жоспарды бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Республикасы Шекара қызметінің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

Қырғызстан Республикасы Шекара қызметінің мәліметтеріне сәйкес, жоспар Қырғызстан Республикасы Шекара қызметінің жетекшісі Замир Молдошевтың Алматыға сапары кезіднде бекітілген. Ж.Молдошев пен оның қазақстандық әріптесі Болат Зәкиевтің кездесуі барысында екі ел үкіметі арасындағы шекарадағы бірлескен бақылау жөніндегі келісімдердің ережелерін жүзеге асыру принциптері мен тәсілдерін дәйектеу туралы уағдаластық жасалды.

Осы мақсатпен екі республиканың шекаралық қызметтерінің жетекшілері 2007-жылдың екінші тоқсанында жұмыс бабында кездесіп, шекараны бірлесе қорғау мүмкіндіктерін келіседі. Тараптар құжаттар мен жүктерді тексеру жөніндегі шекаралық жасақтарды біріктіре орналастыру мүмкіндіктері мен басқа да шараларды қарастырмақшы.

Екі елдің шекарашылары атқарушы билік органдарымен бірлесіп Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы "Ново-Михайловка" (Қырғызстан) және "Үлкен Шу каналы" (Қазақстан) шекаралық өткізу бекеттері туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бастама көтермекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны