17.07.2013, 15:30 5272

Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет Басшылары "Быстроток" су каналының төңірегінде қалыптасқан жағдайды талқылады

Иңгіме барысында Үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады. Атап айтқанда мемлекетаралық "Быстроток" су каналының төңірегінде қалыптасқан жағдай бөлек әңгіме тақырыбына айналды.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Қырғызстанның Үкімет Басшылары "Быстроток" су каналының төңірегінде қалыптасқан жағдайды талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов ҚР Премьер-Министрі Жантөре Сатыбалдиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Иңгіме барысында Үкімет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады. Атап айтқанда мемлекетаралық "Быстроток" су каналының төңірегінде қалыптасқан жағдай бөлек әңгіме тақырыбына айналды.

С.Ахметов қырғыз жағын трансшекаралық каналды жауып тастау салдарынан бір аптадан астам уақыт Жамбыл облысының шекаралас аудандары тұрғындарын сусыз қалдырған су каналын ашып, қалпына келтіруге шақырды.

Үкімет басшылары кез-келген диалог пен қалыптасқан күрделі жағдайды шешуге дайын екендіктерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны