02.09.2016, 15:05 4874

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыс мемлекетаралық қарым-қатынастыӊ үлгісі бола алады - Н.Назарбаев

Биыл біз Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын, ал келесі жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастыӊ 25 жылдығын атап өтетін боламыз, - деді Елбасы.

Астана. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасыныӊ төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтыӊ, оныӊ ішінде сауда-экономика, инвестиция, көлік-транзит, отын-энергетика, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту перспективаларыныӊ кеӊ ауқымды мәселелері қаралды.

Бұдан бөлек, екі мемлекеттіӊ басшылары өӊірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге жұмыс сапарымен келуге, сондай-ақ G-20 саммитіне қатысуға шақырғаны үшін алғыс айтты.

- Қытай ұйымға күрделі кезеӊде төраға болды. Сіздер әзірлеген күн тәртібі дамудыӊ қазіргі кезеӊінде өте өзекті. Бүгінде G-20-ныӊ экономикалық проблемаларға мән беруі бүкіл әлем үшін маӊызды міндеттерді шешуге септігін тигізетін болады, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ынтымақтастық орныққан жылдарда Қазақстан мен Қытай арасындағы сенімніӊ айтарлықтай нығая түскенін атап өтті.

- Біздіӊ байланысымыз мемлекетаралық қарым-қатынастыӊ үлгісі бола алады. Стратегиялық серіктестіктіӊ үлгілі моделін құрып, экономикалық ынтымақтастықты жаӊа деӊгейге көтердік. Қазақстан мен Қытайдыӊ үкіметтері қол жеткен келісімдер қорытындысы бойынша алға қойылған міндеттерді орындау жұмысымен белсене айналысуда. Биыл біз Қазақстан тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын, ал келесі жылы елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастыӊ 25 жылдығын атап өтетін боламыз, - деді Елбасы.

Си Цзиньпин еліміздіӊ жаһандық диалогқа елеулі үлесін қосып келе жатқанына ризашылық білдіріп, Қазақстанныӊ өӊірдіӊ және бүкіл әлемніӊ экономикалық дамуында маӊызды рөл атқаратынын атап өтті.

- Былтыр осы уақытта Бейжіӊде біздіӊ кездесуіміз өтіп, оныӊ қорытындысы бойынша қарым-қатынастыӊ жаӊа кезеӊі туралы бірлескен декларацияға қол қойылған болатын. Қазір барлық саладағы екіжақты серіктестік қарқын алып келеді, оныӊ одан әрі дамуы жолындағы міндеттер айқындалды. Біздіӊ қарым-қатынасымыздыӊ орнағанына келесі жылы 25 жыл толатынын ескере отырып, өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайта түсу қажет. Сондай-ақ, бірлескен күш-жігер арқылы адалдық, өзара сенім, ауызбіршілік және өзара көмек рухындағы қарым-қатынасты қалыптастыра отырып, стратегиялық үйлесімді, өзара тиімді ынтымақтастықты күшейте түсу керек, - деді ҚХР төрағасы.

Тараптар алдағы саммит әлемдік экономиканыӊ бұдан арғы даму жолдарын айқындауда маӊызды рөл атқарып, жаһандық экономикалық өсімніӊ жаӊа қозғаушы күшіне айналады деп үміттенетінін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

- 2004 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасыныӊ Үкiметi мен Қытай Халық Республикасыныӊ Үкiметi арасында Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы жөнiндегi комитет құру туралы келiсiмге толықтырулар енгізу туралы хаттама;

- "Нұрлы жол" және "Жібек жолыныӊ экономикалық белдеуі" бағдарламаларын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспары;

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасыныӊ Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын жылқы тұқымдас жануарлар үшін қойылатын карантин және денсаулығын қорғау талаптары жөніндегі хаттама;

- Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасыныӊ Сапаны қадағалау, инспекция және карантин бас басқармасы арасындағы Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына экспортталатын соя бұршағы партияларына қойылатын фитосанитариялық талаптар жөніндегі хаттама.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны