21.12.2016, 13:58 3555

Қазақстан мен Қытай шекара ведомстволарыныӊ басшылары кездесті

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік шекарадағы қалыптасқан жағдайды, шекара күзетудіӊ пәрменділігін арттыру туралы әӊгіме қозғады.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК Төрағасыныӊ орынбасары - Шекара қызметініӊ Директоры генерал-майор Дархан Ділманов пен Орталық әскери кеӊестіӊ бас жұмылдыру басқармасы бастығыныӊ орынбасары, ҚХР мемлекеттік шекарасы және теӊіз істері бойынша комитетініӊ бастығы генерал-майор Му Минбинмен болған кездесу барысында ынтымақтастық пен ведомствоаралық іс-әрекеттіӊ болашағы талқыланды,- деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Қытай шекара ведомстволарыныӊ басшылары қазіргі ынтымақтастықтыӊ дамуына ризашылықтарын білдірді.

Кездесу барысында тараптар мемлекеттік шекарадағы қалыптасқан жағдайды, шекара күзетудіӊ пәрменділігін арттыру туралы әӊгіме қозғады.

Қазақстан мен Қытай делегацияларыныӊ басшылары халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұру, қаруды, террорлыққа арналған құралдарды заӊсыз өткізуге және есірткі құралдарына тосқауыл қоюдыӊ маӊызды мәселелерін талқылады.

Тараптар мемлекеттік шекараны күзетудегі бірлескен патрульдік шекаралық өкілдіктер аппаратыныӊ қызметін жоғары бағалады.

Осы сапары барысында қытайлық делегация өкілдері ҚР ҰҚК Шекара академиясыныӊ тыныс-тіршілігімен, болашақ ел шебін қорғаушы курсанттардыӊ оқу процесініӊ ұйымдастырылуы жағымен танысты.

Кездесу соӊында делегация басшылары бүгінгі сапарларыныӊ маӊызды болғандығын, алдағы уақытта табысты істерге негіз қалайтындығына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны