10.06.2014, 21:02 2829

Қазақстан мен Корея 1 айға визасыз режим орнатады - А.Волков

Қазақстан мен Корея 1 айға визасыз режим орнатады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлімдеді.

Алматы. 10 маусым. Kazakhstan today. Қазақстан мен Корея 1 айға визасыз режим орнатады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлімдеді.

"Оңтүстiк Корея елi Президентiнiң сапары барысында 17 құжат бекітіледі, оның iшiнде 3 құжатқа мемлекет басшылары қол қояды. Соның iшiнде Қазақстан Республикасы мен Оңстүстiк Корея үкiметтерi арасындағы визалық талаптарға қатысты келiсiм жасалмақ. Осы келiсiм аясында Қазақстан және Корея елдерiнiң азаматтары визасыз бiр ай көлемiнде екi ел арасында еркiн кiре алады. Бұл туризмдi, медицина, ғылыми технологияны дамытуға, студенттер алмасуға байланысты", - дедi А.Волков.

Оның айтуынша, бұл туризм, медицина, ғылыми технология мен студенттік айналымның дамуына байланысты.

Айта кетейік, 2014 жылдың 18-20 маусымы аралығында ҚР Президенті

Н. Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе ханым келеді.

Сапар бағдарламасында Оңтүстік Кореяның 70 ірі компаниясының қатысуымен бизнес - форум өткізу жоспарланған.

"Аталмыш форумға Премьер-Министрдің немес Президенттің қатысуы жоспарлануда. Сондай-ақ, екіжақты құжаттарға қол қойылмақ", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны