19.06.2014, 20:14 2744

Қазақстан мен Корея АКТ-зерттеулердің бірлескен орталығын құруға мүдделі

Меморандумға Корея Республикасы Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға ресми сапары аясында қол қойылды. Құжат жаңа технологияларды дамыту аясында ынтымақтастықты дамытуға көмектеседі, білікті кадрлар және ақпарат алмасу арқылы АКТ интеграциясы көмегімен әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді.

Алматы. 19 маусым. Kazakhstan today. Бүгін "Зерде" Ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингі және Корея Республикасы Ақпараттық қоғам бойынша ұлттық агенттігі басшылары қол қойған АКТ саласындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу туралы меморандум аясында АКТ-зерттеулер мен ынтымақтастықты дамытудың қазақстандық-кореялық ортылығы құрылады.

Орталық қызметі "бұлтты" технологиялар, үлкен мәліметтер технологиялары, "электрондық үкімет" және өзара мүддені ұсынатын АКТ-нің басқа да бағыттары бойынша бірлескен ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізуге шоғырландырылады, деп Премьер-Министрдің ресми порталы хабарлады.

"Оңтүстік Корея біз үшін ақпараттық қоғамның үлгісі мен көшбасшысы, идеалы болып табылады. Бүгінде өзара қарым-қатынасымызды тығыз нығайтып келеміз. Меморандум e-government және Big data брендтік бағыттарын дамытуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, біз Оңтүстік Кореяға биылғы жылдың қазан айында Астанада Global E-Government forum өткізу бойынша эстафетаны табыстағаны үшін алғыс білдіргіміз келеді. Осы форумға белсенді қатысып, нәтижелі ынтымақтастық қалыптастырасыздар деген үміттеміз", - деді құжатқа қол қойған соң "Зерде" Ұлттық холдингінің төрағасы Мирболат Аюпов.

Меморандумға Корея Республикасы Президенті Пак Кын Хенің Қазақстанға ресми сапары аясында қол қойылды. Құжат жаңа технологияларды дамыту аясында ынтымақтастықты дамытуға көмектеседі, білікті кадрлар және ақпарат алмасу арқылы АКТ интеграциясы көмегімен әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны