28.05.2014, 22:22 3009

Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы әуе қатынасы қалпына келтіріледі

Бұл Қазақстан-Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының таяудағы 6-шы отырысы барысында ұйымдастырылды, деп көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Қазақстан мен Моңғолияның арасындағы әуе қатынасы қалпына келтіріледі. "Бэк Эйр" авиакомпаниясы Баян-Өлгей қаласына, ал "Эйр Астана" - "Астана-Улан-Батор" бағытында тұрақты рейстер ашуға ниет білдіруде.

ҚР ККМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаевтың айтуынша жаңа рейстердің ашылуына екі елдің авиациялық биліктерінің Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюлары септесті. Бұл Қазақстан-Моңғолия арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының таяудағы 6-шы отырысы барысында ұйымдастырылды, деп көлік және коммуникация министрлігінен хабарлады.

"Моңғолияда ірі қазақ диаспорасы тұрып жатқаны белгілі. Олардың тарапынан да, парламент депутаттарының тарапынан да Комитетке әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде көптеген өтінімдер келіп түскен болатын. Біз бұл мәселені өз әріптестерімізбен талай рет талқылаған болатынбыз: сәуір айының басында Меморандумның мәтіні дәйектендіріліп, енді қол қойылды. Қуантарлығы - бұл бастама қазақстандық тасымалдаушылар тарапынан қолдау тапты. Осының арқасында Моңғолияның бірнеше қаласымен авиақатынас қалыптасатын болады", - деп атап өтті Талғат Ластаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны