18.02.2015, 17:10 3952

Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік Кеӊестерініӊ хатшылары Нұрлан Ермекбаев пен Николай Патрушевтіӊ төрағалығымен Қауіпсіздік Кеӊестері аппараттары арасында жоспарлы консультациялар өтті

Консультацияға сондай-ақ екі елдіӊ тиісті мемлекеттік органдарыныӊ басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты

Астана. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Консультацияға сондай-ақ екі елдіӊ тиісті мемлекеттік органдарыныӊ басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Тараптар Орталық Азиядағы және Ауғанстандағы ахуалды қамти отырып, қауіпсіздік саласындағы екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелерін, 2015 жылғы 1 қаӊтардан ЕАЭО қызметініӊ басталуына байланысты өзара іс-қимылдарды талқылады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл, әскери-техникалық ынтымақтастық және көші-қон үдерістерін реттеу салаларындағы түрлі мәселелер жөнінде пікір алмасылды.

Консультациялар қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру мақсатында хаттама әзірленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны