27.02.2014, 19:24 8638

Қазақстан мен Ресей шекарасында 40 тонна дизельді жанармай контрабандасы тіркелді

Павлодар шекара отрядына қарасты "Өрлітөбе" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары тіркемесі бар "Вольво" және "Мерседес" автокөліктерімен келе жатқан екі отандасымызды ұстауға мәжбүр болды. Жалпы салмағы 40 тонна болатын, отын ретінде қолданылатын жанармайға деген рұқсат қағаздары болмай шықты.

Алматы. 27 ақпан. Kazakhstan today. Қазақстан мен Ресей шекарасында экономикалық контрабанданың екі оқиғасы тіркелді, оның бірі - 40 тонна дизельді жанармай болса, екіншісі - 10 тонна болатын көпжылдық өсімдік тұқымын заңсыз алып өтуге қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan today ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтсақ, ақпан айының 26-нан 27-не қараған түні Павлодар шекара отрядына қарасты "Өрлітөбе" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары тіркемесі бар "Вольво" және "Мерседес" автокөліктерімен келе жатқан екі отандасымызды ұстауға мәжбүр болды. Жалпы салмағы 40 тонна болатын, отын ретінде қолданылатын жанармайға деген рұқсат қағаздары болмай шықты.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Ұсталған көліктер қаржы полициясына берілді.

Осы күні, Орал шекара отрядына қарасты "Ақсай авто" өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары "КАМАЗ" автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан жерлесімізді ұстады. Автокөлікті қарау кезінде құжаты дұрыс рәсімделмеген 76 қапқа салынған, жалпы салмағы 10 тонна болатын көпжылдық өсімдік тұқымы табылды.

Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды. Ұсталған жүкті Батыс Қазақстан облыстық санитарлық инспекциясына беру жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны