29.02.2008, 11:51 1092

Қазақстан мен Ресейдің төтенше жағдайлар министрлері Астанада кездеседі

Қазақстан мен Ресейдің төтенше жағдайлар министрлері Астанада кездеседі

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Ресейдің төтенше жағдайлар министрлері Астанада кездеседі, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2008 жылдың 29 ақпанында Астанада Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Владимир Божко мен Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және зілзалалардың зардабын жою істері жөніндегі министрі, армия генералы Сергей Шойгудың кездесуі өтеді", -деп хабарлайды ТЖМ.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, РФ ТЖМ делегациясы Астанаға жұмыс сапарымен келмекші, сапардың басты мақсаты - ҚР ТЖМ-нің іс-қызметімен танысу, бірқатар кәсіби мәселелерді талқылау, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласында өзара тәжірибе алмасу, сондай-ақ, өнеркәсіптік апаттар, табиғи және техногендік зілзалалардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның ережелерін бекіту, РФ үкіметі мен Қазақстан Республикасының үкіметі арасындағы 1994 жылдың 28 мамырындағы өнеркәсіптік апаттар, табиғи және техногендік зілзалалардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді жүзеге асыруға бағытталған 2008-2009 жылдарға арналған бірлескен шаралардың жоспарын бекіту болып табылады.

Делегация құрамында Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және зілзалалардың зардабын жою істері жөніндегі министрлігінің жауапты қызметкерлері бар.

ТЖМ мәліметінше, Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов пен Сергей Шойгудың жұмыс бабындағы кездесуі жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны