05.09.2007, 11:11 1524

Қазақстан мен Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлері Астанада төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылайды

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов 13-15-қыркүйекте Астанада Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі министрі Сергей Шойгумен кездеседі.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Виктор Храпунов 13-15-қыркүйекте Астанада Ресей Федерациясының азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі министрі Сергей Шойгумен кездеседі, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, РФ Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы Астанаға жұмыс сапарымен келеді. Сапар аясында өкілдер ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Республикалық дағдарыс орталығының іс-қызметімен танысып, төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы жұмыс тәжірибелерімен алмасады. "Сонымен бірге, төтенше жағдайлар министрлері Қазақстан мен Ресейдің өнеркәсіптік апаттардың, зілзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының бірлескен ережесін бекітуге тиіс",- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ресейлік өкілдердің сапар бағдарламасында Астана мен Алматының құтқару және өрт өсндіру қызметтерінің іс-қызметімен танысу, ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмологгия институтына және ҚР ТЖМ-нің "Қазақселден қорғау" мемлекеттік басқармасына бару да межеленген.

"Сондай-ақ, Сергей Шойгу ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездеседі деп күтілуде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны