20.05.2016, 18:21 4707

Қазақстан мен Сенегал Президенттері кездесуініӊ қорытындысы бойынша бірлескен брифинг өтті

Нұрсұлтан Назарбаев Сенегал Президентініӊ елімізге алғашқы сапары болашақ ынтымақтастыққа негіз қалайтынын айтты

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Сенегал Президентініӊ елімізге алғашқы сапары болашақ ынтымақтастыққа негіз қалайтынын айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Африка құрлығы елдерімен жақындастыра түсетін бұл сапардыӊ біздіӊ ел ғана емес, бүкіл Орталық Азия өӊірі үшін тарихи маӊызы бар. Қазақстан мен Сенегал кеӊ ауқымды мәселелер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасай алатынына сенімдімін. Елдеріміздіӊ ұстанымдарыныӊ жақындығы бізге көпжақты құрылымдар аясында ынтымақтасуға мүмкіндік береді. біз Президент Саллмен биылғы қыркүйекте Қытайда өтетін "Үлкен жиырмалықтыӊ" кезекті саммитінде кездесетін боламыз. Біздіӊ республика БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесініӊ тұрақты емес мүшелігіне кандидатурамызды қолдағаны үшін Сенегалға ризашылық білдіреді, - деді Мемлекет басшысы, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Елбасы еліміздіӊ БҰҰ аясында халықаралық терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыӊғай жаһандық желі құру туралы идеясын Сенегал Президенті қолдағанын мәлімдеді.

Мұсылман қауымдастығыныӊ мүшесі болғандықтан, біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында өзара ықпалдасуға уағдаластық. Бұл соныӊ ішінде ИЫҰ-ныӊ ғылым және технология жөніндегі саммитін 2017 жылы Астанада өткізу, "Ислам инфрақұрылымдық ықпалдастығы" жобасы туралы қазақстандық бастамаларға да қатысты. Сенегал жағы штаб-пәтері Астанада орналасатын Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымын құру жөніндегі біздіӊ ұсынысымызды қолдайды. Келіссөздер барысында біз мұсылман елдерініӊ бірлігін сақтау тақырыбын да қозғадық. Ислам әлеміндегі татуластық мәселесі үлкен мәнге ие. Мен Сенегал тарапын 2018 жылы өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер лидерлерініӊ алтыншы съезіне қатысуға шақырдым, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне айрықша көӊіл бөлінгенін айтты.

Біздіӊ өзара іс-қимылымыздыӊ осы тұсы географиялық қашықтыққа, көлік логистикасыныӊ жолға қойылмауына байланысты қазіргі кезде жоғары деӊгейде емес. Бұл ретте энергетика, ауыл шаруашылығы және ислам банкингі салалары әлеуетті ынтымақтастық бағыттары ретінде айқындалды. Сенегал жағы "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысады деп үміттенеміз. Біз өзара іс-қимылды мәдениет, білім және спорт салаларында да кеӊейтуге уағдаластық. Қазақстан футбол клубтарында сенегалдық спортшылар сәтті өнер көрсетіп жүргені де мәлім, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқан Африка құрлығында айтарлықтай табиғи ресурстар шоғырланғанына назар аударды.

Бұл құрлық қарқынды дамитын болады, XXI ғасырда оныӊ болашағы зор болады деп ойлаймын. Қазақстан мүмкіндігінше уақтылы жол салып, африкалық елдермен ынтымақтастық аясын кеӊейтуі керек. Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сенегал Президентін және достас сенегал халқын алда келе жатқан Африка күнімен құттықтаймын. Сенегалдыӊ және құрлықтыӊ барлық елдерініӊ бұдан әрі өсіп-өркендеп, игілікке жетуіне тілектеспін, - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Қазақстан Президенті Сенегал Президентіне мазмұнды, ілтипатты және жемісті диалог үшін ризашылық білдіріп, қол жеткізілген уағдаластықтар барлық бағыттағы екіжақты өзара ықпалдастықты тереӊдете түсуге септігін тигізетініне сенімді екенін жеткізді.

М.Салл біздіӊ елдіӊ жаӊғырту жұмыстарын жүргізуге жұмсап отырған күш-жігерін Сенегал тарапы жоғары бағалайтынын айтты.

Астана келбетінен Қазақстанныӊ даму саясаты айшықты көрініс тапқан. Илемді ілгерілету және өзіӊіз ұсынған бастамаларды жүзеге асыру аясында сіздіӊ еліӊіздіӊ өӊірдегі және одан тысқары жерлердегі рөліне тәнті екенімді жеткізгім келеді. Сондай-ақ біз конфессияаралық диалог орнату, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы әрекет ету жөніндегі Сіздіӊ бастамаӊызды толық қолдаймыз, - деді Сенегал Президенті.

Сенегал тау-кен өнеркәсібін, жоғары технологиялық салалар мен ауыл шаруашылығын дамыту ісіндегі Қазақстанныӊ тәжірибесін қолдану ниетінде екені атап өтілді.

М.Салл біздіӊ елді "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу құқығын жеӊіп алуымен құттықтап, Сенегалдыӊ оған қатысатынын айтты.

Сенегал президенті екі республиканыӊ халықаралық сипаттағы мәселелерге қатысты көзқарасы ұқсастығына назар аударды. Бұдан бөлек, БҰҰ Қауіпсіздік Кеӊесіне 2016-2017 жылдардағы тұрақты емес мүше ретінде Сенегалдыӊ кандидатурасын Қазақстанныӊ қолдағаны атап өтілді.

Соӊында М.Салл Нұрсұлтан Назарбаевты ынтымақтастықты бұдан әрі нығайта түсу үшін Сенегалға сапармен келуге шақырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны