13.05.2008, 18:02 3008

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астананың бірқатар нысандарын аралап көрді

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астананың бірқатар нысандарын аралап көрді

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астананың бірқатар нысандарын аралап көрді, деп хабарлайды агенттік президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшылары "Сарыарқа" сауда және ойын-сауық кешенінде болды.

Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығымен танысты. Бұл медициналық мекеме ең озық заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған және шетелде білім алған дәрігерлермен қамтамасыз етілген.

"Бұл жерде ең заманауи технологиялар орнатылған, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, келушілерге тамаша жағдай жасалған. Мұндай орталықты Орталық Азияда және бүкіл посткеңестік кеңістікте алғаш рет көріп отырмын", - деп мәлімдеді Тәжікстан президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Орталық елордада қолға алынып отырған медициналық кластер аясында салынған нысандардың бірі екендігін атап өтті. Сондай-ақ олардың қатарына Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, диагностика орталығы, балаларды оңалту орталығы, жедел медициналық көмек ҒЗИ мен кардиохирургия орталығы кірмек.

"Осындай нысандар Қазақстанның барлық облыс орталықтарында салынып жатыр. Олардың барлығы заманауи жабдықтармен жарақталуда. Қазақстандықтардың денсаулығы мен білім алуына мемлекет ешуақытта қаражатты аямайды", - деп мәлімдеді Қазақстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны