25.06.2013, 16:18 2672

Қазақстан мен Түркия кедендік іс саласында ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты

Елімізге министр Хаят Языджы бастаған Түрік Республикасы Кеден және сауда министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен келіп кетті. Бұл туралы ҚР-дың ТР-дағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Түркия кедендік іс саласында ынтымақтастықты тереңдетуге уағдаласты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елімізге министр Хаят Языджы бастаған Түрік Республикасы Кеден және сауда министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен келіп кетті. Бұл туралы ҚР-дың ТР-дағы елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Іс сапар аясында екі мемлекеттің кедендік органдарының өзара іс-қимылын нығайту көзделген.

Х.Языджы жұмыс сапарының шеңберінде ҚР қаржы министрі Болат Жәмішевпен, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевпен және еліміздегі кәсіпкерлік орта өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Түркияның кедендік қызметтерін дамытудың басты басымдықтарын зерделеп, кедендік іс саласындағы бірқатар келелі мәселелерді қаузады.

Қос тарап кедендік іс саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге, аталмыш салада тәжірибе және ақпарат алмасуға уағдаласты.

Түркияның министрі жұмыс сапарының аясында еліміздегі кедендік қосындардың жұмысымен танысып, Юнус Эмре атындағы институтты және "Нұр Орда" халықаралық қазақ-түрік лицейін аралады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны