10.12.2013, 18:55 4680

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомствосының басшылары әскери ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Бүгін Иділбек Жақсыбеков пен Исмет Йылмаз екі жақты ынтымақтастық, оның ішінде әскери-техникалық өзара іс-қимыл саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Алматы. 10 желтоқсан. Kazakhstan today. Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков Қазақстанға ресми сапармен келген Түрік Республикасының Ұлттық Қорғаныс министрі Исмет Йылмазбен кездесті.

ҚР Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков:

- Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық қазіргі таңда бауырлас елдеріміз басшыларының арқасында белсенді түрде дамып келеді. Түркия Қазақстанның Тәуелсіздігін таныған тұңғыш мемлекет. Алғашқылардың бірі болып, Қарулы Күштерді дамытудың әртүрлі аспектілері бойынша өз тәжірибелерін бөлісуге әзірлігін білдірген болатын, - деп атап өтті.

Кәсібилендіру бүгінде Қазақстан әскері үшін өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Осы бағытта Қазақстан әскери ведомствосы түрік әскерінің іріктеу жүйесін дамыту, шақыру, әскери персоналды есепке алу мен бағалау тәжірибесін зерделеуге мүдделі.

Искери білім мен ғылым қазақ-түрік әскери ынтымақтастығының маңызды бағыты болып табылады. ҚР Қорғаныс министрлігі Түркия әскери оқу орындарында қазақстандық әскери қызметшілер үшін оқыту квотасын арттыруға, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетінде дәріс оқу үшін профессорлық-оқытушылар құрамын шақыруға мүдделі.

- Еліміздің әскери мекемесін жетілдірудің маңызды бөлігі білікті және дайындалған мамандар болып табылады, - деп атап өтті Иділбек Жақсыбеков.

(Анықтама үшін: 1997 жылдан бүгінгі күнге дейін Құрлық әскерлерінің әскери училищесі, Искери-теңіз күштерінің әскери училищесі, Искери-әуе күштерінің әскери училищесі, Кулелі әскери лицейі, Құрлық әскерлерінің әскери академиясы және Искери-медициналық академия сынды Түркияның жоғары оқу орындарында ҚР ҚК 150-ден астам әскери қызметшісі білім алды. Қазіргі уақытта 70 адам оқуда)

Тараптар осыған дейін Анкарада өткен кездесу (Анықтама үшін: 2013 жылғы 18-22 қыркүйек аралығында ҚР Қорғаныс министрі Түрік Республикасында ресми сапармен болды) екіжақты өзара іс-қимылдың бағыттарын нақтылап, болашақтағы басымдықтарды неғұрлым айқындап бергенін атап өтті.

Бүгін Иділбек Жақсыбеков пен Исмет Йылмаз екі жақты ынтымақтастық, оның ішінде әскери-техникалық өзара іс-қимыл саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Бүгін түстен кейін Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының басшылары электронды-оптикалық құрылғылар өндіретін "Қазақстан АСЕЛСАН инжиниринг" қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының ашылу рәсіміне қатысады. Қазақстандық мамандар осы зауыттың өнімдерін диверсификациялау мүмкіндігін қарастыруда.

Иділбек Жақсыбеков Түрік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Исмет Йылмазға Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Түркия Қазақстан үшін халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықта сенімді әріптестер қатарында қала беретінін жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны