24.10.2011, 16:13 3626

Қазақстан мен Түркия президенттері Алматыда өткен түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің I Саммитінің қорытындыларын талқылады

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлескен.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Түркия президенттері Алматыда өткен түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің I Саммитінің қорытындыларын талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен телефон арқылы сөйлескен.

Мемлекет басшысы Түркияда болған жер сілкінудің салдарынан көптеген адамдардың құрбан болғанына байланысты көңіл айтты және апаттың салдарларын жоюға қажетті көмек беруге дайын екендігін білдірді.

Иңгімелесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен перпективасын, сондай-ақ Алматыда өткен түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық кеңесінің I Саммитінің қорытындыларын талқылады.

Түркия Президенті Абдулла Гүл жоғары деңгейдегі кездесуге қатыса алмағанына байланысты өкінішін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны