11.09.2012, 09:16 4120

Қазақстан мен Вьетнам басшылары ҚР Вьетнамның мәдениеті күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты

Мәдениет күндерінің аясында Вьетнам Социалистік Республикасының жетекші өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтті және "Шексіз сұлу - Вьетнам" атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Вьетнам басшылары Қазақстан Республикасында Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениеті күндерінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәдениет күндерінің аясында Вьетнам Социалистік Республикасының жетекші өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт өтті және "Шексіз сұлу - Вьетнам" атты фотокөрме ұйымдастырылды.

Концерттік бағдарламада ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы болып танылған Куан Хоның әндері шырқалып, билері орындалды.

Фотокөрмеге қойылған жүзден астам суреттер топтамасында Вьетнамның мәдениеті мен бай ұлттық салт-дәстүрі көрініс тапқан.

Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениеті күндерінің Қазақстан Республикасында өткізілуі мәні зор оқиға және екі елдің мәдени байланыстарын дамытудағы маңызды кезең болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны