29.05.2008, 10:25 1472

Қазақстан парламенті "Биологиялық түрлер туралы конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасын бекіту туралы" заңды қабылдады

Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Биологиялық түрлер туралы конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасын бекіту туралы" заңды қабылдады. Хаттамаға бірігу елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық тұрғыда өзгертілген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық алып өтуге байланысты қызметті жүзеге асырғаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейтуге, оларды елге әкелуге жол бермеуге шаралар қолдануға...

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сенат депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Биологиялық түрлер туралы конвенцияға қосымша биологиялық қауіпсіздік жөніндегі Картахена хаттамасын бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хаттамаға бірігу елдердің біздің еліміздің аумағында генетикалық тұрғыда өзгертілген организмдер мен өнімдерді трансшекаралық алып өтуге байланысты қызметті жүзеге асырғаны үшін жүктейтін жауапкершілігін күшейтуге, оларды елге әкелуге жол бермеуге шаралар қолдануға, зерттеулер мен ғылыми-техникалық жобалар бойынша өзара көмек көрсету мен жақын халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, биотехнологиялар саласындағы ақпараттармен алмасуға мүмкіндік береді.

Хаттамаға 2000 жылдың 29 қаңтарында Монреаль қаласында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны