26.12.2014, 13:47 3780

Қазақстан Парламенті "Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық гвардиясы туралы" заӊды қабылдады

Ұлттық гвардияны басқолбасшы басқарады, оныӊ лауазымы аталмыш заӊжобасыныӊ сегізінші бабында көресетілген", - делінген халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ қорытындысында.

Астана. 26 желтоқсан. Kazakhstan Today - Заӊ жобасында Ұлттық гвардияныӊ құрамы мен қызметі анықталып көрсетілген.

"Оныӊ құрылымына 11 бөлім мен басқарма кіреді. Олар өздерініӊ салаларына қатысты құрылады. Ұлттық гвардияны басқолбасшы басқарады, оныӊ лауазымы аталмыш заӊжобасыныӊ сегізінші бабында көресетілген", - делінген халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік комитетініӊ қорытындысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊ жобасыныӊ 5 бөліміне сәйкес Ұлттық гвардияда әскери борышын өтеу мүмкіндігі қарастырылған. Ұлттық гвардия мамандары әскери қызметкерлер мен азаматтық персонал болғандықтан олардыӊ әрқайысыныӊ міндеті анықталып, шектелген", - делінген қорытындада, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Сонымен қатар, Ұлттық гвария қызметініӊ ерекшелігі есепке алына отырып заӊжобасында әлеуметтік кепілдеме мен әскери қызметкерлерді және оныӊ отбасын баспанамен қамту мәселелері көрініс тапты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны