09.01.2009, 17:34 3564

Қазақстан парламентінде шағын несиелік ұйымдарға халықаралық қаржы нарығына шығуға мүмкіндік беретін заң жобасының тұсаукесері жасалды

Қазақстан парламентінде шағын несиелік ұйымдарға халықаралық қаржы нарығына шығуға мүмкіндік беретін заң жобасының тұсаукесері жасалды

Астана. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламентінің төменгі палатасында "Қазақстан Республикасының шағын несиелік ұйымдардың іс-қызметін реттеуші кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұсауы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасының бір нормасы шағын несиелік ұйымдарға халықаралық қаржы нарығына шығуға мүмкіндік береді.

Парламент сенатының депутаттарының бастамасымен құрылған біздің жұмыс тобымыз әзірлеген "Қазақстан Республикасының шағын несиелік ұйымдардың іс-қызметін реттеуші кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында "Шағын несиелік ұйымдар туралы" және "Несиелік серіктестіктер туралы" заңдарына өзгерістер енгізу көзделген, деді индустрия және сауда вице-министрі Алмас Қосынов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны