09.10.2009, 10:27 1543

Қазақстан премьер-министрі Америка Құрама Штаттарының және Катар мемлекетінің делегацияларымен кездесті

Қазақстан премьер-министрі Америка Құрама Штаттарының және Катар мемлекетінің делегацияларымен кездесті

Астана. 9 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Америка Құрама Штаттарының және Катар мемлекетінің делегацияларымен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ энергетика министрінің орынбасары Даниэл Понеманмен болған кездесу барысында энергетика саласындағы өзара іс - қимыл жөніндегі қазақ - американ арнайы комиссиясының 6-шы отырысының аясында энергетикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан - Катар үкіметаралық комиссиясының жұмысына қатысуға келген Сауда және бизнес министрінің міндетін атқарушы Халед Бен Мұхаммад Аль - Аттыйя бастаған Катар мемлекетінің делегациясымен кездесуде екі жақты сауда - экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Халед Бен Мұхаммад Аль - Аттыйя ауыл шаруашылығы, мұнай - газ және инвестиция салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға катарлық тараптың қызығушылық білдіріп отырғанын жеткізді.

Премьер - министр екі ел басшыларының қол жеткізген келісімдеріне сәйкес, өзара қарым - қатынастарды бұдан да жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік туғызуға Қазақстанның дайын екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны