22.01.2016, 15:13 4127

Қазақстан Премьер-Министрі ДЭФ аясында Еуропалық инвестициялық банктіӊ президенті Вернер Хойермен кездесті

Кездесуге қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірлесіп жүзеге асырған жобалар жайлы пікір алмасып, сондай-ақ жаӊартылмалы энергетика саласындағы екі жақты инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Кеше, 21 қаӊтарда Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу аясында Қазақстанныӊ Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық инвестициялық банктіӊ президенті Вернер Хойермен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірлесіп жүзеге асырған жобалар жайлы пікір алмасып, сондай-ақ жаӊартылмалы энергетика саласындағы екі жақты инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

К.Мәсімов пен В.Хойер өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамытуға зор әлеуетті атап өтіп, болашақ ынтымақтастық үшін басым бағыттарды анықтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны