10.06.2009, 18:27 2883

Қазақстан президенті 2009 жылғы Бейбітшілік сыйлығына ие болды

Қазақстан президенті 2009 жылғы Бейбітшілік сыйлығына ие болды

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Шығыс-Батыс" институтының директорлар кеңесі 2009 жылғы Бейбітшілік сыйлығын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беру жөнінде бірауыздан шешім қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Шығыс-Батыс" институтының тең төрағасы Армен Саркисянды қабылдады.

А.Саркисян Нұрсұлтан Назарбаевқа "Шығыс-Батыс" институтының директорлар кеңесі 2009 жылғы Бейбітшілік сыйлығын беру туралы бірауыздан шешім қабылдағаны туралы хабарлады.

Бейбітшілік сыйлығын әр жылдары Ұлыбританияның премьер-министрі Тони Блэр, Финляндия мен АҚШ-тың бұрынғы президенттері Марти Ахтисаари мен үлкен Джордж Буш сияқты көрнекті саясаткерлер алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны