22.05.2017, 17:37 5504

Қазақстан Президенті "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердіӊ басшыларымен келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердіӊ басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әӊгімелесті.

Астана. 22 мамыр. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігіне сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті "АҚШ - Ислам әлемі" саммитіне қатысу үшін Эр-Рияд қаласына келді.

Қазақстан Президенті "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердіӊ басшыларымен және делегация жетекшілерімен келіссөздер жүргізді.

Мемлекет басшысы "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті аясында бірқатар мемлекеттердіӊ басшыларымен және делегация жетекшілерімен қысқа келіссөздер өткізді. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен әӊгімелесті. Иӊгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдыӊ негізгі бағыттары, соныӊ ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереӊдету перспективасы талқыланды. Екі ел президенттері күн тәртібіндегі халықаралық мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мемлекетаралық ынтымақтастықтыӊ түрлі мәселелері жөнінде Кувейт мемлекетініӊ Имірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Имірі шейх Тамим бен Хамад Ил Танимен, Бахрейн Королі Хамад бен Иса Ил Халифамен, Абу-Дабидіӊ тақ мұрагері, Біріккен Араб Имірліктері Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысыныӊ орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Ил Нахаянмен, Йеменніӊ Президентімен, Мавритания Президенті Мохаммед ульд Ибдел-Изизбен, Пәкістанныӊ Премьер-Министрі Н.Шарифпен пікірлесті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастық ұйымыныӊ Бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдыӊ кейбір аспектілерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев "АҚШ - Ислам әлемі" саммиті барысында Америка Құрама Штаттарыныӊ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонмен кездесті.

Кездесуде Қазақстан Президенті мен АҚШ-тыӊ Мемлекеттік хатшысы екіжақты ынтымақтастықтыӊ қазіргі ахуалы мен оныӊ кейбір аспектілерін дамыту перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Р.Тиллерсон мейлінше өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудыӊ жаӊа сапалы деӊгейіне көтерілетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны