27.04.2009, 15:34 2836

Қазақстан президенті Астананы еліміздің ең қауіпсіз қаласына айналдыруды тапсырды - ІІМ

Қазақстан президенті Астананы еліміздің ең қауіпсіз қаласына айналдыруды тапсырды - ІІМ

Астана. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананы еліміздің ең қауіпсіз қаласына айналдыруды тапсырды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің орынбасары Ернұр Уәли министрлікте өткен апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астана қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңесте Елбасы Астананы еліміздің ең қауіпсіз қаласына айналдыруды тапсырды",- деді Е.Уәли.

"Президент елорда әкімдігі мен Ішкі істер министрлігіне қалада ескі автокөліктерді пайдалану мәселесін тәртіпке келтіруді, тиісті техникалық байқаудан өткізуді ретке келтіруді, сондай-ақ қылмыскерлікпен күресті күшейтуді тапсырды",- деді ол.

Президент алға қойған міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдары ұйымдастыру-алдын алу шараларының кешенін ұйымдастырмақшы. Олардың жүзеге асырылуы Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында, деді Е.Уәли.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны