04.05.2010, 12:04 2871

Қазақстан президенті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Қазақстан президенті азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Астана. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасының аясында сақтандыру сомаларын ұлғайту, оны қауіпті өндірістік нысандар әсерінің нәтижесінде зардап шегушілердің ықтимал санына байланысты белгілеу, міндетті сақтандыру шартын бекіту, оның іс-қимылы және күшін тоқтату жағдайларын нақтылау, сондай-ақ сақтанушының, сақтандырушының және үшінші тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау ережелері белгіленген.

Заң жобасымен Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға өзгерістер енгізілетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны