29.09.2006, 11:11 2989

Қазақстан президенті дүниежүзінде ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша жаңаша шешім қабылдау жөнінде бастама көтерді

ВАШИНГТОН. 29-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүниежүзінде ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша "мүлдем жаңаша шешім" қабылдау жөнінде бастама көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кейінгі жылдары біз ядролық қару таратпау, ядролық материалдарды шығармау саласында БҰҰ аясында қабылданған шешімдердің табысқа жетпегеніне куәгер болдық. Бұл дүниежүзінде осы сала бойынша қазіргіден мүлдем өзгеше шешім қабылдануға тиіс екенін көрсетеді",- деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбі күні "Ядролық қауіп-қатерді қысқарту" қорының жетекшісі Қазақстан президентінің құрметіне "Кэпитал Хилтон" қонақүйінде берген кешкі аста.

"Дүниежүзінде халықаралық құқықтың негізгі принциптеріне қайшы келетін бірегей ахуал қалыптасып отыр: біреулерге қаруды иемденуге және оны жетілдіре түсуге рұқсат берілсе, екінші біреулерге оған иелік ету түгілі жасау жөнінде ойлауға да тыйым салынады. Бұл дұрыс емес, бұл - әділетсіздік",- деді Қазақстан лидері.

"Бұл мәселенің шешімі БҰҰ аясында қайта қаралып, ғаламдық шараларды қолдануға, барлық мемлекеттердің, соның ішінде ядролық қаруы бар елдердің осындай қару көлемін азайтуға және ондай арсеналды біртіндеп мүлдем жою жауапкершілігін күшейтуге қадам жасалады деп бағамдаймын. Ядролық арсеналды жою жөнінде ядролық державалардың өздері үлгі көрсетуге тиіс",- деді президент.

Н.Назарбаевтың пікірінше, "жаппай ғаламдық қарусыздану проблемасы ядролық қаруға иелік ететін елдер ғана емес емес, халықаралық қоғамдастық жаппай жұмыла кіріскенде ғана шешіледі".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны