12.12.2007, 18:46 3000

Қазақстан президенті қазақстандық банктерінің тұрақтылығына сенімді

Қазақстан президенті қазақстандық банктерінің тұрақтылығына сенімді

Павлодар. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Президент қазақстандық банктерінің тұрақтылығына сенімді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бірінші электролиз зауытының ашулы рәсімі кезінде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі

Қазақстан президенті халықаралық рейтингтік агенттіктерінің Қазақстанның ірі банктерінің рейтингілерін "біршама төмен түсіргендігін" агенттіктердің республикадағы банк жүйесіндегі жағдайды білмейтіндігінен болған деген сенімде.

"Қазақстан мемлекет ретінде банктерге үлкен көмек көрсетіп, шағын және орта бизнеске мықты қолдау жасап отырса, онда ол экономиканың тұрақтылығын, аяғымыздан нық тұрғанымыздың дәлелі. Ал банктер рейтінгісін төмендету көрсеткіші, бұл шындыққа жанаспайтындығымен қоса, біздің республикамыздың банк жүйесін сараптайтындардың кәсіби білімінің төмендігін білдіреді", -деп атап өтті мемлекет басшысы.

Н. Назарбаев журналистерге атап өткеніндей, мемлекет тарапынан қолдау ретінде, банк жүйесіне нақты материалдық көмек көрсету схемасы дайындалды. Мәселе, тек құнында-бірнеше миллиард доллар. Ел басшысы мәлімдегеніндей, банк жүйесінде ешқандай қаржылық дағдарыстар болмайды және болашақта да ондай жағдайлар орын алмайды.

"Мен айтқанымдай, егер осындай жағдай бола берсе, онда біз компанияларымыздың акцияларын өзіміз сатып алатын боламыз. Менің пікірімше, рейтингтік агентіктер ойлануы керек, Қазақстан аяғында нық тұрғандықтан, өзінің банктерін демейді, құлауына мүмкіндік бермейді", - деп атап өтті Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев халықаралық БАҚ-ына берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны