14.07.2008, 19:44 2675

Қазақстан президенті Қазақстанның олимпиадалық құрамасының жалаугері, бокстан екі мәрте әлем чемпионы Серік Сәпиевке ұлттық туды табыс етті

Қазақстан президенті Қазақстанның олимпиадалық құрамасының жалаугері, бокстан екі мәрте әлем чемпионы Серік Сәпиевке ұлттық туды табыс етті

Астана. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада бүгін ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның олимпиадалық құрамасының туын алып жүретін жалаугер, екі мәрте әлем чемпионы Серік Сәпиевке ұлттық туды табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл жерде Қазақстан спортының мақтаныштары мен үміт артарлары жиналды деп білемін. Өз еңбегімен, өз жетістіктерімен аса жоғары деңгейдегі әлемдік додаға қатыса алатынын дәлелдеген адамдар деп сенемін", - деді Н. Назарбаев.

Ол осы орайда "осы жолғы Пекин Олимпиадасы Қазақстан үшін аса маңызды екенін" атап өтті. "Өздеріңіз білесіздер, еліміздің тарихында алғаш рет Олимпиада алауы осында, өз жерімізде, Алматыда, Қазақстанның Медеуінде болды. Илемнің көз алдында еліміздің көп ұлтты халқы алғаш рет Олмпиада алауын қарсы алып, оған батасын берді",- деді президент.

"Осынау олимпиадалық миссия XXI ғасырда Қазақстан спортының дамуына жол ашады леп сенемін", -деді Н. Назарбаев.

"Олимпиада ойындары қатысу - өзін олимпиада спортына арнаған әр спортшының мұраты. Ал Олимпиада ойындарында жоғары нәтиже көрсету - әрбір ұлы спортшының арманы. Олимпиадада табысқа жету, сонымен бірге, тек сіздердің ғана емес, бүкіл Қазақстанның, әр сағат, әр күн сайын сіздер үшін жанкүйер болып, сіздер үшін ойынды тамашалайтын барша азаматтарымыздың мақтанышы болмақ. Сол себепті сіздердің болашақ жеңістеріңіз біздің ортақ жетістігіміз., барлық еліміздің жеңісі болмақ. Сіздер осыны естен шығармаса деп тілеймін", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстандық спортшылардың Пекин Олимпиадасына қатысуға 22 спорт түрі блойынша 132 лицензияны жеңіп алғанын еске салды.

Пекиндегі XXIX жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 8 мен 24 аралығында өтеді, онда 41 спорт түрі бойынша 302 медаль кешені сарапқа салынады. Бұл ойындарға әлемнің 203 елінен 10,5 мыңнан астам спортшы қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны