27.07.2016, 14:40 3796

Қазақстан Президенті ҚХР төрағасына елде болған су тасқынына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасыныӊ төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 27 шілде. Kazakhstan today. Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасыныӊ төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көӊіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Қытайдыӊ бірқатар провинциясында көптеген адамныӊ өмірін алып кеткен су тасқыны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Қазақстан Президенті ауыр қайғыға ортақтаса отырып, дүлей апаттан қаза болғандардыӊ туыстары мен жақындарына көӊіл айтты. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны салдарын тезірек жойып, зардап шеккендердіӊ тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны