07.04.2008, 16:19 3020

Қазақстан президенті лаңкестікпен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы заңға қол қойды

Қазақстан президенті лаңкестікпен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына түзетулер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы заңға қол қойды

Астана. 7-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "2001 жылдың 15 маусымында Шанхайда қол қойылған лаңкестікпен, сепаратизммен және экстремизммен күрес жөніндегі Шанхай конвенциясына өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агеттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, хаттамада Аймақтық антитеррорлық құрылымды Қырғызстанның Бішкек қаласынан Өзбекстанның Ташкент қаласына көшіру қарастырылған.

Хаттамаға 2003 жылдың 5 қыркүйегінде Ташкентте қол қойылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны