22.07.2013, 10:36 3121

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Альберт II-ге және оның ұлы Филипке жоғары биліктің ресми түрде берілуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Жеделхатта Қазақстан Президенті Бельгияның ұлттық мерекесі - Корольдің ант беру күнімен құттықтап, бұл күні биліктің берілуінің символдық мәні барын және маңызды тарихи оқиға болып саналатынын атап өтті.

Астана. 22-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Альберт II-ге және оның ұлы Филипке жоғары биліктің ресми түрде берілуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Бельгияның ұлттық мерекесі - Корольдің ант беру күнімен құттықтап, бұл күні биліктің берілуінің символдық мәні барын және маңызды тарихи оқиға болып саналатынын атап өтті.

"Өкілеттігіңізді ұлыңызға беруіңіз Бельгия халқының есінде қалатын тарихи маңыздылығы зор оқиға болмақ. Мен Брюссельде өткен екіжақты кездесулерді ықыласпен еске аламын. Елдеріміз арасындағы достық пен екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған игі қадамдар Сіздің жеке қолдауыңыздың арқасында іске асырылғаны анық", - деп атап өтілген Король Альберт II-нің атына жолданған құттықтау жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев ханзада Филиптің Қазақстанға 2010 жылғы қазандағы сапарынан кейін де жылы сезіммен еске алатынын атап өткен.

"Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынастар Сіздің қолдауыңызбен алда да екі ел халықтарының игілігі үшін достық және өзара түсіністік рухында одан әрі дамитынына сенемін", - делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Альберт II-ге және Король Филипке зор денсаулық, қызметтеріне мол табыс, ал Бельгия халқына - бақ-береке және игілік тілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны