22.04.2013, 13:26 2841

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге Сычуань провинциясында болған зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы зілзала салдарынан көптеген жанның құрбан болып, мыңдаған адамның зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

Астана. 22-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге Сычуань провинциясында болған зілзалаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекет басшысы зілзала салдарынан көптеген жанның құрбан болып, мыңдаған адамның зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өткен.

"Осындай сын сағатта Қазақстан халқы атынан және жеке өз тарапымнан жойқын табиғат апатынан қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ бүкіл Қытай халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын" делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны