16.04.2009, 17:09 3183

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Олимпиадалық комитетінің жоғарғы наградасымен марапатталды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Олимпиадалық комитетінің жоғарғы наградасымен марапатталды

Астана. 16 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Олимпиадалық комитетінің жоғарғы наградасымен марапатталды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан президент "екі ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға және спорт пен салауатты өмір салтын дәріптеуге айтулы үлес қосқаны" үшін марапатталды.

Қазақстан 2011 жылы өткелі отырған қысқы Азиада ойындарын ұйымдастырып өткізуде Пекин Олимпиадасын ұйымдастыру тәжірибесін зерттеп пайдаланбақшы.

Н.Назарбаев өзінің жауап сөзінде, Пекин Олимпиадасының әлем үшін айтулы оқиға болғанын және ол ойынның Қытайдың әлемдік қоғамдастықтағы жоғары мәртебесін тағы да паш еткенін атап көрсетті.

Елбасы сондай-ақ Қытай Халық Республикасы төрағасының 2007 жылы Қазақстанға жасаған сапарының барысында Олимпиадалық алау эстафетасының бірінші кезегін Алматыда өткізу туралы келісімге қол жеткізілгенін еске салды.

Қытайдың Ұлттық олимпиадалық комитетінің Құрмет белгісі 2008 жылдың тамыз айында тағайындалды және ол олимпиадалық қозғалысты дамытуға, спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестер үшін табыс етіледі. Қазақстан президенті бұл марапатқа ие болған алғашқы мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны